RU
"Жел шығаруға ұялдым": Отандық әнші жұбайымен қалай танысқанын айтып берді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Жел шығаруға ұялдым": Отандық әнші жұбайымен қалай танысқанын айтып берді

Рассказать Вконтакте

Mysterions тобындағы Дильен өзінің жарымен қалай танысқаны мен олардың араларында орын алған қызықты жайттарды ашты. Әншінің жеке өміріндегі оқиғалардан хабардар болған желі оқырмандары күлкіге қарық болған деп жазады NUR.KZ.

Шоу-бизнес жұлдызы өз оқырмандарымен махаббат хикаясымен бөлісуді жөн көріпті. Дильен Instagram парақшасына жарын қалай жолықтырғанын жасырмай баяндап берген.

"Біз интернет желісі арқылы таныстық. Бұған дейін болашақ жарымды ғаламтордың көмегімен тауып алам деп ойламаппын. Үйленуге дейін біз үш мәрте ғана көрістік. Бұл бар болғаны сәйкестік. Алайда, үнемі видео байланыс арқылы қоңырау шалысып тұрдық.
Артынша бір-бірімізді танып білісіп жүрдік. Керемт кезең болды. Ол менен бес жас кіші, сол себепті бірінші күннен бастап-ақ ол маған "сіз" дейді. Сөйлесудің бұл түрі мен үшін өте қолайлы. Себебі, отбасылық келіспеушіліктер кезінде сенімен "сіз" деп сөйлесетін адаммен іс насырға бармайды.
Бір қызықты оқиғаны айтып берейін. Мен бір жыл бойы оның көзінше жел шығара алмай жүрдім. Алайда, сосын әйтеу ойлағанымды іске асырған соң, екеуміз ұзақ күліп отырдық. Бұл ыңғайсыз жағдай бізді жақындастырды. Енді ол маған "сіз көп осырғандықтан, мен таза ауа сияқты қарапайым заттарды бағалай бастадым" деп айтатын болды" , - деп жазған әнші.

Оның бұл жазбасы оқырмандар аудиториясын күлкіге қарық қылған. Көпшілік жас жұбайларға бақыт тілеп, өз жылы лебізін білдірген.

Сіздің реакцияңыз
30
4
1
1
0
8
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel