Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада аяғы кесілуге тиіс 11 айлық сәби ес жимастан шетінеп кетті

Опубликовано:

Астанадағы "Ұлттық ғылыми ана мен бала денсаулығы" орталығында Жамбыл облысынан келген жүрек ақауы бар 11 айлық сәби есін жимастан қайтыс болды деп хабарлайды NUR.KZ.

tamlife.ru
Көрнекі фото:tamlife.ru: Facebook

Нәресте 16 қаңтар күні қайтыс болған, алайда БАҚ өкілдері бұл жайында бүгін ғана біліп отыр.

Ұлттық ғылыми ана мен бала денсаулығы орталығының баспасөз қызметі ақпаратты растады.

Алдын ала мәлімет бойынша, баланың өліміне жүрек жетіспеушілігі себеп болған.

Бірнеше күн бұрын, 14 қаңтарда Астанада орын алған жағдайға байланысты баспасөз концеренциясы өткен болатын.

Сәби үшінші қаңтар күні өте ауыр жағдайда - туа біткен жүрек ақауы, пневмония және аяқтың құрғақ шіруі диагноздарымен түскен. Дәрігерлер күнделікті консилиум өткізіп жатқандарын хабарлапты.

Ақ халаттылар кішкене науқастың өмірін де, аяғын да сақтап қалуға тырысқан.

Жамбыл облысының тұрғыны Таңшолпан Бейсенбекова жүрек ақауы бар 11 айлық қызын отаға алып келген. Бірақ пневмониясы өршіп тұрғандықтан ота кейінге қалдырылыпты. Бірінші қалалық ауруханада ем алған кезде нәрестенің аяғына катетер орнатқан.

Одан кейін сәбидің аяғы шіри бастаған, оны №2 ауруханаға жіберіпті. Дәрігерлер қыз баланың бармақтарын кесу керегін айтқан.

Бүлдіршіннің жағдайы нашарлағандықтан оны Ұлттық ғылыми ана мен бала денсаулығы орталығына ауыстырыпты.

Дәрігерлер бармақтарының шіруіне катетердің еш қатысы жоқ екенін мәлімдеп отыр. Гангрена күретамырдағы тромб салдарынан басталған, ал катетер көктамырға орнатылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1776132-astanada-aagy-kesiluge-tiis-11-ajlyk-sbi-es-zimastan-setinep-ketti/

pixel