RU
Астанада 11 айлық нәресте көз жұмған орталық тексерілетін болды

Астанада 11 айлық нәресте көз жұмған орталық тексерілетін болды

Рассказать Вконтакте

Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығында 11 айлық қыздың туабітті жүрек ақауы мен гангрена салдарынан қайтыс болуына байланысты тексеріс жүргізілетін болды. Бұл туралы Астана қаласының қоғамдық денсаулықты сақтау департаментіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: Detki.co.il

Көрнекі фото: Detki.co.il

"Осы жағдайды тексеру үшін қосымша тәуелсіз сарапшылар шақырылып, дәрігерлердің сәбиді емдеудің барлық кезеңіндегі әрекеттерін әділ бағалау бойынша кешенді тексеріс басталды", - деді департамент басшысы Садуақас Байғабылов.

Тексерістер мен сараптама қорытындылары дәрігерлерге қатысты заң аясында шара қолдануға пайдаланылады.

Бұл мәселені департамент ерекше қадағалап отырғандығын айта кетті.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel