RU
Елімізде мемлекеттік қызметкерлер енді фитнеспен тегін айналысады

Елімізде мемлекеттік қызметкерлер енді фитнеспен тегін айналысады

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық мемлекеттік қызметкерлер жұмыс уақытын тиімді пайдаланатын болды. Оларға қолайлы еңбек шарттары жасалуда деп жазады NUR.KZ.

sportgyms.ru

Көрнекі фото: sportgyms.ru

Қолайлы жағдайдың біріне тегін фитнесті жатқызуға болады.

"Этика жөніндегі кеңес мүшелерінің бастамасымен еліміздің барлық аймақтарында мемлекеттік қызметкерлерді салауатты өмірге баулу үшін оларға тегін фитнеспен айналысуға мүмкіндік беру мәселесі қарастырылған.
Бүгінде тегін спортпен 20 мың қызметкер шұғылданып жүр", - деді мемлекеттік қызмет саласын бақылау департаментінің директоры қызметін атқарушы Мадина Наурызбек.

Оның сөзінше, қызметкерлер артық жұмыс істемегендіктен бос уақыттарын отбасымен өткізіп, өзін-өзі дамытуға, спортпен шұғылдануға және тіл үйренуге арнай алады.

Қазір барлық мемлекеттік органдарда қызметкер жазбаша келісімі арқылы ғана артық жұмысқа тартылады. Сонымен қатар, артық істелген уақыт екі сағаттан аспауы тиіс. Оның есесіне олар ақшалай төлем алады немесе жұмыстан босатылады.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
2
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel