RU
Қазақстандық миллиардер Манхэттендегі зәулім пәтерін сатып жіберді

Қазақстандық миллиардер Манхэттендегі зәулім пәтерін сатып жіберді

Рассказать Вконтакте

Белгілі қазақстандық кәсіпкер әрі банкир Нұржан Субханбердин Манхэттеннің Мидтаун көпсалалы кешенінде орналасқан пәтерін сатты деп хабарлайды The Real Deal басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: e-wiki.org/therealdeal.com

Фото: e-wiki.org/therealdeal.com

Қазақстандық банкир Нью-Йорктың орталығында орналасқан Time Warner Center кешеніндегі пәтерін 2014 жылы сатып алған.

Басылымның хабаралуынша, ол баспанаға 8.65 млн доллар жұмсапты. Араға тоғыз жыл салып қазақстандық 7 млн доллардан сәл көп қаржыға тағы да пәтер алған.

The Real Deal өткен жылы екі пәтердің де сатылымға қойылғанын жазды.

Фото: therealdeal.com

Фото: therealdeal.com

Mandarin Oriental резиденциясында орналасқан бірінші пәтердің сатылымына қатысты келісімшарт 17 қаңтар күні аяқталыпты. Оның құны 13,15 млн долларды құраған екен. Ал екіншісі әлі белгісіз.

Басылым элиталы үйді сатумен Sotheby's International Realty агенттіктері айналысқанын анықтаған. Журналистер осы келісімшартқа қатысты риелторлармен хабарласып, жағдайдың мән-жайын анықтамақ болған екен.

Дегенмен, агенттік өкілдері бұл мәселеге қатысты пікір білдіруден үзілді-кесілді бас тартыпты.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
2
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel