RU
Ақшаға қызығатын арулардың арбауына түскен жұлдыздар кімдер?

Ақшаға қызығатын арулардың арбауына түскен жұлдыздар кімдер?

Рассказать Вконтакте

Отандық шоу-бизнес серілерінің арасында "чайка" деп аталып кеткен аруларға алданып қалғандары бар болып шықты. Актер Дәурен Серғазин мен Тәуекел Мүсілім қалталы азаматтарды ғана таңдайтын сылқымдар жайлы ойын ашық түрде айтты деп жазады "Өз ойым" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Instagram. Коллаж: NUR.KZ

Фото: Instagram. Коллаж: NUR.KZ

"Біреуді сынайтын адам есепін. Әркім өз бақытын өзі табады. Тағдыры өз қолында. Бақытты болуға әрқайсымыз құқылымыз. Тек біреудің ала жібін аттамаса болғаны.

Әрине, "чайка" қыздар жолығып көрді. Онда тұрған ештеңе жоқ, жеңіл көзқараспен қарау керек ондайға. Енді ол көбінесе студенттік шақтарда болды. Ондай нәрсе мейрамханаларда болады ғой, әдетте.

Өліп қалған жоқпыз. Жігіт болғаннан кейін, бәрін көтереміз. Көреміз. Жігіт әрқашан да жігіт болып қалу керек. Қандай жағдай болмасын жігіт атын жоймау керек", - дейді актер Дәурен Сарғазин.

Тегін дүние үшін барын салатын аруларға қатысты оның әріптесі, сері жігіт Тәуекел Мүсілім де өз пікірін айтты.

"Жоқ, Аллаға шүкір кездестірген жоқпын. Және кездестірмей-ақ қояйын. Менің достарымның барлығы саналы жігіттер. Олар ондай қыздармен араласпайды мүлдем. Ал менің қиялымдағы қыз жайлы айтатын болсақ, бастысы жүрегі кең болуы керек" , - деді ол.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel