Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев мәжілісмен Азат Перуашевтың Қазақстан атауын өзгерту жайлы ұсынысына қатысты пікір білдірді. Сенат төрағасы бұл ұсынысты қолдамайтынын жеткізді деп хабарлайды КТК арнасы.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото:qazaquni.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото:qazaquni.kz: Instagram
"Президентіміз Қазақстан Республикасының атынан көптеген халықаралық келісімдерге қол қойды. Сол үшін Қазақстан атауын өзгертудің еш қажеті жоқ. Біздің басқа да айналысатын шаруамыз көп", - деді сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Депутат Азат Перуашев Қазақстан Республикасын "Қазақ Республикасы" деп өзгерту жөнінде ұсынысын Үкіметке жолдаған еді. Ол өзінің ұсынысын келесі жылы Қазақ Автономиялық Республикасының құрылғанына 100 жыл  толатынымен байланыстырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1776201-kasym-zomart-tokaev-kazakstan-atauyn-zgertuge-katysty-pikir-bildirdi/

pixel