RU
Балалардың көзінше: Ерлердің әуретті жерінен банан жеген әйелдер жаға ұстатты
Жаңалықтар Қоғам

Балалардың көзінше: Ерлердің әуретті жерінен банан жеген әйелдер жаға ұстатты

Рассказать Вконтакте

Official_550gramm парақшасында ер адам әуретті жеріне жақын ұстап тұрған бананды тізерлей отырып жеген әйелдердің видеосы тарап кетті. Болжам бойынша қазақ келіншектердің бұл қылығы желіде қызу талқыға түсті деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Видеодан екі ер адамның бананды әуретті жерінде ұстап тұрғанын көруге болады.

Ал екі әйел болса ойын шартына сай сынға түскен. Олар талап бойынша, бананды қолмен ұстамай, ауызбен қабығын аршып, бірінші жеп тауысуы керек екен.

Айта кетейік, видео түсірілген сәтте үйде кішкентай балалар жүрген.

Желі қолданушылары ересек адамдардың әрекетін қатаң сынға алды.

"Масқара", "Балалардың көзінше не істеп жатыр?", "Мына әйелдерде ес жоқ екен", "Ұят екен", "Айтарға сөзім жоқ", "Балаларға не үлгі көрсетіп жатыр?",

"Мынаны көрген кішкентайлар ертең қайталайды ғой", "Ұятсыздар", "Ерінде де, әйелінде де ес жоқ екен", "Осындай ойынды ойлап тапқан адамның есі дұрыс емес шығар", - деп желідегілер теріс пікірді қарша боратқан.

Айта кетейік, видеоның қашан, қай өңірде түсірілгені белгісіз.

Сіздің реакцияңыз
166
11
46
4
1
9
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel