Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жанар Дұғалова сексуалды суреттерімен жұртты естен тандырды (фото)

Опубликовано:

Фотосессия жасап, жаңа суреттерін желіге жүктеген Жанар Дұғалова жұртты естен тандырды. Әншінің мінсіз мүсіні мен сұлу келбетін көрген желі қолданушылары оған жарыса пікір жазған деп хабарлайды NUR.KZ.

Желідегілер сүйікті әншілерінің сұлулығына таңғалғандарын жасырмады.

"Өте әдемісіз", "Сондай сұлусыз", "Мүсініңіз мінсіз ғой, шіркін", "Мен де сіз сияқты сұлу болсам ғой".

"Фигураңызға сөз жоқ қой", "Сіздей әйелі бар азаматта арман болмас", "Сұлулық символысыз ғой", "Сізге ғашық болмау мүмкін емес шығар", "Керемет сұлусыз", - деп желідегілер өз пікірлерін білдірген.

Айта кетейік, Жанар Дұғалованың Instagram парақшасына теріс пікір жазған желі қолданушылары да бар.

Олар әншіні қысқа етегі үшін сынға алған.

"Қазақ қыздары шешіне бастады", "Соңғы уақытта осындай суреттерге көп түсетін болыпсың. Не жетіспей жүр?", "Шоуда шешінбегендердің бірі сен едің", Мына суреттің біреуі де жетеді", "Сен ашылмасаң да сұлусың", - деп жазған әншіні сынаушылар.

Естеріңізге сала кетейік, Жанар Дұғалованың әндерін біздің "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1776238-zanar-dgalova-seksualdy-suretterimen-zrtty-esten-tandyrdy-foto/

pixel