Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық жұлдыздар көлігіне тағатын VIP нөмірлер қанша тұрады?

Опубликовано:

Зәулім үйде тұрып, қымбат көлік мінетін әншілер арасында ерекше нөмірлер де сәнге айналған. Шоу-бизнес өкілдерінің кез-келгені VIP нөмір тағып жүруге тырысатынын байқауға болады деп жазады 31 арнаның "Жұлдыздар жарқырайды" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Заттыбек Көпбосынұлының "Lexus" маркалы көлігіне "001 ZAT" әріптерін жаздырған.

Сол секілді Айқын Төлепберген "001 AIK", Ернар Айдар "001 ЕА" нөмірлерін таңдап алған.

Ал Әбдіжаппар Әлқожа көлігінде қарапайым нөмір тұрса жараспайтынын айтты.

"Ол нөмірде 264 деп тұрса, біртүрлі ғой. Сырттай көргенде, өзіңе де жараспай тұрады. Құны 75 мың теңге", - дейді "055 YOA" нөмірлі gelandewagen тізгіндеген Әбдіжаппар Әлқожа.

"Жұлдызды санап" танылған Абай Бегей көліктің VIP нөмірлеріне мән бермейтінін жеткізді. Алайда әншіге досы "077 ABI" нөмірін сыйлаған.

"Жеті деген қазақта киелі сан ғой. Сол себепті осы нөмірді алдым", - дейді Абай Бегей.

Өмірқұл Айниязов болса, көлігінің нөмірі жеке куәлігіндегі аты-жөнімен бірдей екенін айтып қалды.

Өмірқұл Айниязовтың нөмірі. Фото: "Жұлдыздар жарқырайды" бағдарламасынан
Өмірқұл Айниязовтың нөмірі. Фото: "Жұлдыздар жарқырайды" бағдарламасынан: Instagram
"Айниязов Өмірқұл Өтегенұлы дегенді білдіреді. Шынымды айтсам, қызыққан жоқпын", - дейді "055AOO" нөмірін көрсеткен әнші.

Айта кетейік, халыққа қызмет көрсету орталығында мұндай нөмірлердің бағасы шарықтап тұр.

"111-ден 999-ға дейінгі аралықтағы және 100-ден 900-ге дейінгі нөмірлердің бағасы 345 мың 925 теңге болады. Ал 009-ға дейін және 777 нөмірлері қасындағы бірдей әріптері 719 мың 625 теңге болады", - дейді мамандандырылған халыққа қызмет көрсету бөлімі басшысының орынбасары Бағлан Тілеубалдиев.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Гүлзира Айдарбекова "777 GUL" нөмірлі қымбат маркалы көлігін көрсеткен болатын. Қайрат Нұртастың анасының VIP нөмірі шамамен 700 мың теңге тұрады екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1776258-otandyk-zldyzdar-kligine-tagatyn-vip-nmirler-kansa-trady/

pixel