RU
Семейде етігін киюді ұмытып кеткен әйелдің екі аяғы үсіп қалды
Жаңалықтар Қоғам

Семейде етігін киюді ұмытып кеткен әйелдің екі аяғы үсіп қалды

Рассказать Вконтакте

Семей ауруханасына екі аяғын үсітіп алған келіншек түсті деп жазады altaynews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

sonnikguru.ru

Көрнекі фото: sonnikguru.ru

Оқиғаның мән-жайын анықтау кезінде әйел адам мас күйде далаға шыққаны анықталған. Ол жалаңаяқ екенін ұмытып кетіпті.

Біраз уақыт өткеннен кейін ол аяқтары үсіп қалғанын байқап, дәрігерлердің көмегіне жүгінген.

"Әйел адамның екі табанын екінші деңгейлі үсік шалған. Мас болғандықтан, қар үстінде аяқ киімсіз тұрғанын байқамаған. Қазір науқас амбулаториялық ем алып жатыр", -деді Семей қалалық жедел-жәрдем ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Гауһар Мансурова.

Сіздің реакцияңыз
1
2
2
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel