RU
"Қарға жақындауға қорқамыз": Теміртау жұрты балаларын көшеге шығармай жүр (фото, видео)

"Қарға жақындауға қорқамыз": Теміртау жұрты балаларын көшеге шығармай жүр (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Теміртау тұрғындары қар лақтырып ойнау былай тұрсын, ақ ұлпаға жақындаудан қорқып отыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Теміртауда тағы да экологиялық мәселе шиеленесіп кетті. Өңірде жауған қар санаулы сағаттардың ішінде қара қабатпен көмкеріліп қалатын болған. Қалалықтар мұны "қалың қар" деп атап кетіпті.

NUR.KZ оқырманы редакцияның Қарағандыдағы бөліміне беті қара қармен көмкерілген ақ ұлпаның видеосын жіберген. Бейнежазба авторы лас қардың қалыптасуына "АрселорМитталТеміртау" компаниясының метталургиялық зауытын кінәлап отыр.

"Менің ұлым осы жылы аққала жасаған жоқ. Біз онымен бірге қар лақтырып та ойнамадық. Себебі, қолғабымыз бен күртеміз бірден ластанып кетті. Ол дақтар қатты білінеді, құдды бір көмір сияқты", -деді Наталья Самохина.

Қарағанды облысының әкімдігі Қоршаған ортаны қорғау бойынша Кеңес құрды.

Теміртаудың экологиясын жақсартуды түрлі ведомстволардан- мемлекеттік экологтар,тәуелсіз қоғамдық ұйымдардағы экологтар, метеоқызметтің өкілдері, прокуратуралар және табиғаттықорғау инспекциясы мен басқа да мамандар ойлауда.

Сіздің реакцияңыз
1
1
3
2
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel