RU
ШҚО дүкендерінде сатылған алтын жұмыртқалар көпті таңғалдырды

ШҚО дүкендерінде сатылған алтын жұмыртқалар көпті таңғалдырды

Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданының кәсіпкері ауыл тұрғындарына алтын жұмыртқа сатып жатыр деп жазады altaynews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Шығыс Қазақстан дүкендерінде алтын жұмыртқалар сатылып жатыр

Шығыс Қазақстан дүкендерінде алтын жұмыртқалар сатылып жатыр

Кәсіпкер Серікжан Сағынбеков Zhas Рroject жастар корпусын дамыту жобасы грантының арқасында құс фермасын ашқан.

Өкінішке орай, оның тауықтары алтын жұмыртқа басып шығармайды екен. Сол себепті жұмыртқалар көзге түсу үшін арнайы алтын түсті бояумен боялған.

Тапқыр кәсіпкердің сөзінше, тауарына деген сұраныс жоғары көрінеді. Алтын жұмыртқадан басқа кәсіпкер ауыл дүкендеріне құс етін жеткізеді.

Ал жағдайы нашар отбасыларға арнайы жеңілдіктер қарастырылған. Олар өнімді тегін алады екен.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel