Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теміртауда 20 жастағы жігіт таксист әйелді өлтірген қылмыскерді ұстап алған

Опубликовано:

Теміртаудың 20 жастағы тұрғыны Еркін Қуандықов таксиге жолаушы болып отырып, жүргізуші әйелді артынан пышақ сұғып өлтірген қылмыскерді ұстап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: tvzvezda.ru
Көрнекі фото: tvzvezda.ru: Facebook

Оқиғаның анық-қанығын Қарағанды облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы NUR.KZ тішісіне айтып берген

"Тәжірбиеден білеміз, өмірде қылмысты көрсе де айтқысы келмейтін адамдар бар. Мәселен, бізде көрші пәтерде есірткі дайындайтынын біле тұра, полицияға хабарын бермеген тұрғындарға қатысты қылмыстық іс болған.

Ал бұл жігіт 20 жасында батылдық танытты.

Ол қашып кеткен қылмыскерді қуып жетіп, екі қолын босап кетпейтіндей байлап тастаған. Кейін оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлеріне күдіктіні тапсырған. Қылмыскер ұзақ мерзімге түрмеге қамалды", - деді судья.

Сот төрағасы полиция департаментінен жас жігітті батыл қадамы үшін марапаттауды сұраған.

"Сот Еркін Қуандықов азаматтық борышын орындауда жоғары ар-ождан мен батылдық танытып, құқық бұзушылық жасаған қылмыскерді ұстап бергені үшін полиция департаментінің басшысы назар аудару қажет деп есептейді", - делінген жеке қаулыда.

Қазір құжат полиция генерал-майорының қарауында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1776273-temirtauda-20-zastagy-zigit-taksist-jeldi-ltirgen-kylmyskerdi-stap-algan/

pixel