RU
Бір апта бұрын әке атанған Артур Төлепов ұлын әлі көрмеген
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Бір апта бұрын әке атанған Артур Төлепов ұлын әлі көрмеген

Рассказать Вконтакте

22 қаңтар күні алғаш рет әке атанған Артур Төлепов ұлын әлі көрмеген болып шықты. Актердің сүйіктісі мен тұнғышы әлі бір айдан астам уақыт ауруханада дәрігерлердің бақылауында болмақ. Ата-ананған ерлі-зайыптылар баласына Абылайхан деген ат қойған деп жазады "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Артур Төлеповтың ұлы дүние есігін жеті айлығында ашқан. Соған байланысты, дәрігерлер оны бір ай көлемінде бақылауда ұстауға шешім қабылдаған көрінеді.

Ең қызығы, актер әйелі босанған сәтінде қасында болмаған. Ол ұялы телефон арқылы ұлы дүниеге келгенін естіп, ары қарай жаттығу залына кетіп қалады.

"Анаммен кетіп барамыз, әйелім қоңырау шалып босанғанын хабарлайды. Мен оған жарайсың деп құттықтадым да, онда "мен жаттығуға кеттім" дедім. Ұлымның есімін әкем қойды. Абылайхан секілді ер мінезді, шыншыл, ашық және маған мүлде ұқсамайтын болсын деп қойдық" , - деді отандық жұлдыз.

Оған қоса, Артур Төлепов болашақта төрт баланың әкесі болуды армандайтынын айтты.

Сіздің реакцияңыз
0
2
1
1
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel