RU

Маңғыстауда SMS-пен былапыт сөздер жазған азамат түрмеге қамалды

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында танысына SMS-пен боқтық сөздер жазған ер адам екі тәулікке түрмеге қамалды деп жазады lada.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

sonnikguru.ru
Көрнекі фото:sonnikguru.ru: Facebook

Бейнеу ауданының тұрғыны танысына балағат сөздер жазылған SMS хабарлама жолдағаны үшін жауапқа тартылды.

Ер адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434 бабы, бірінші тармағы (Ұсақ бұзақылық) бойынша кінәлі деп танылды.

Оған екі тәулікке түрмеге қамау әкімшілік жазасы тағайындалды.

Үкім өз күшіне енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1776283-magystauda-sms-pen-bylapyt-szder-zazgan-azamat-trmege-kamaldy.html