Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралдық депутаттар көшеге қар тазалауға шығатын болды

Опубликовано:

Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев депутаттарға арнайы аймақты бөліп беріп, қар тазалау үшін көшеге шығуды бұйырды. Бұл туралы "Мой город" сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

vg-news.ru
Көрнекі фото: vg-news.ru: Twitter

Орал қалалық мәслихатының сессиясында көтерілген басты мәселе қар тазалау болды. Қалаға 60 см аса қар жауған.

Бұл мәселені қала мәслихатының депутаты Валерий Крылов көтерді.

Қала тұрғындарының барлық шағымдарын тыңдаған қала басшысы қар тазалауға депутаттардың өздерін жіберуді ұйғарған.

Мұрат Мұқаевтың сөзінше, қаланың коммуналды қызметтері қаланы қардан тазартуға бар күшін салуда, бірақ қар қалың болғандықтан, олар үлгермей жатыр.

Коммуналды қызметке әскерилер, оқу орындары көмекке келген. Сондықтан әкім тұрғындардан түсіністік танытып, коммуналды қызметкерлерге көмектесуді сұраған.

"Қар қалың. Мысалы, қарды шығаратын Асан карьері толып кеткендіктен оны жауып тастадық. Қала тұрғындарын қарды тазартып, шығаруға көмектесуді сұраймын. Сонымен қатар депутаттарға қар тазалауға атсалысуды ұсынамын", - деді Мұрат Мұқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1776299-oraldyk-deputattar-ksege-kar-tazalauga-sygatyn-boldy/

pixel