RU
Жапония билігі түрік азаматтарын жұмысқа алудан бас тартты

Жапония билігі түрік азаматтарын жұмысқа алудан бас тартты

Рассказать Вконтакте

Жапония үкіметі жұмыс визасымен кіруге рұқсат ететін мемлекеттер тізіміне Түркияны қоспаған. Бұл түрік саясаткерлерінің ашуын тудырған деп жазады Lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

funjapan.ru

Көрнекі фото: funjapan.ru

Жапония мемлекетінің визалық жүйесіндегі өзгерістерге байланысты 2019 жылдың сәуірінен бастап елге 500 мың шетелдік азамат кіре алады.

Алайда түрік азаматтары бұл визаны қолдана алмайды, себебі Түркия жұмыс визасы берілетін елдер тізіміне кірмеді.

Мұндай шешім Түркия саясаткерлерінің ашуын тудырды. Түркияның СІМ-нің өкілі Хами Аксой бұл екі ел арасындағы достық және стратегиялық бірлестікті көрсетпейді. Бұл тізім шұғыл түрде қарастырылуға тиіс екенін баса айтып өтті.

Осыған байланысты Түркиядағы Жапония елшісі ведомствоға шақырылып, наразылықтары білдірілді.

Елге шетелдік жұмысшыларды тарту үшін Жапония қараша айында визаны рәсімдеу жүйесіне реформа жүргізетінін хабарланған.

Жаңа стандарттар ағымдағы жылдың сәуір айында күшіне енеді.

Сіздің реакцияңыз
2
0
1
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel