RU
Айбек Нұғымаров басшылық қызметке тағайындалды

Айбек Нұғымаров басшылық қызметке тағайындалды

Рассказать Вконтакте

ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың бұйрығымен белгілі балуан Айбек Нұғымаров Семейдегі көлік колледжінің директоры болып тағайындалды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: turkystan.kz

Фото: turkystan.kz

Бұл жаңалықты балуанның өзі растаған.

"Облыс әкімі Даниал Ахметовтің өзі ұсынды. Тағы бір колледжде бауырым директор еді. Сонда ІТ-технология бойынша жаңа жобалар әзірлеп, енгізген болатынбыз. Облыс әкімі соны көріп, осы колледжге мені тағайындады", - деді қуанышты жаңалығымен бөліскен ол.

Айбек "Қазақстан барысы" қазақ күресімен хобби ретінде айналысқанын, ал мамандығы педагог әрі заңгер екенін айтады.

"Облыс басшылығы маған сенім артып, жауапты қызметке тағайындап отыр. Менің басты мақсатым – сол сенімді ақтап, колледжді алдыңғы қатарлы оқу орындарының қатарына қосу. Осы жолда бар күшімді салып еңбек етемін", - деді Нұғымаров.

Айта кетейік, Айбек Нұғымаров - 2013 жылғы Қазақстан барысы, екі дүркін Әлем барысы және халықаралық санаттағы спорт шебері.

Сіздің реакцияңыз
4
0
0
1
0
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel