Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте үйлену тойында атысқандардың ісі сотқа жетті

Опубликовано:

Шымкентте үйлену тойында атысқандардың ісі сотқа өтті. Сот алдында жауапқа тартылатындардың екеуі ағалы-інілі деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: ru.tsn.ua
Көрнекі фото: ru.tsn.ua: Depositphotos

Шымкент қалалық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соттың судьясы Әбинұр Қарабаев мәлімдеуінше, күдіктілерге кісі өлтіруге оқталу, бұзақылық, заңсыз қару алып жүру, билік өкіліне күш қолдану баптары бойынша айып тағылуда.

Сотталушылардың екеуінің жасы кәмелетке толмағандықтан сот жабық режимде өтпек.

Еске сала кетейік, өткен жылдың 15 қараша күні Шымкентте үйлену тойының үстінде жанжалдасқан жас жігіттер бірі-біріне оқ атып, суық қару кезенген.

Оқиға орнына келген тәртіп сақшыларынан қашпақ болғандар патрульді полицияның көлігімен бетпе бет келіп, қарсылық танытып, күш қолданбақ болады. Қашпақ болған күдіктілер құрықталады.

Травматикалық қарудан оққа ұшқан да, пышақ жрақатын алғандар да кезінде ауруханаға жеткізіліп, ем домын алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1776382-symkentte-jlenu-tojynda-atyskandardy-isi-sotka-zetti/

pixel