RU
Жеңіл көлік жол бермеген: Астанада автобус аударылып қалды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Жеңіл көлік жол бермеген: Астанада автобус аударылып қалды

Рассказать Вконтакте

Астанада жолаушылар автобусы жеңіл көлікпен соқтығысып, аударылды деп хабарлайды «Астана LRT» баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат. 

рпрарар

Көрнекі фото: Time.kz

«2019 жылғы 1 ақпанда №303 автобус жеңіл автомобильмен соқтығысты. Екі көлік те Қабанбай батыр даңғылымен бір бағытта жүріп бара жатқан. Автобус BUS LANE (қоғамдық көлік жүретін жолақ) жолымен жүрген», - делінген хабарламада.

Алдын ала деректерге қарағанда, жеңіл автомобиль автобусты жібермей, қоғамдық көлік жүретін жолға шығып алған.

Жол апаты салдарынан автобус та, жеңіл көлік те жол шетіне шығып кеткен.

Сағатына 45 км жылдамдықпен жүрген автобустың алдыңғы бампері және маңдай әйнегі зақымданған.

«Полиция қызметкерлері оқиға орнын тексеріп, хаттама толтырып жатыр, жүргізушінің екеуінен де түсініктеме алынды. Автобус жүргізушісі бұрын жол апатына ұшырамаған», - дейді «Астана LRT» өкілдері.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel