RU
Күйеуі намаз оқуға тыйым салған көкшетаулық бойжеткен жындыханадан шыға жаздады
Жаңалықтар Қоғам

Күйеуі намаз оқуға тыйым салған көкшетаулық бойжеткен жындыханадан шыға жаздады

Рассказать Вконтакте

Астанада бес жыл бойы намаз оқып, кейін тұрмыс құрған соң намазын тастауға мәжбүр болған көкшетаулық ару жындыханадан бір-ақ шыға жаздаған. Жас келіншек депрессияға тап болып, психологтардың көмегімен күйзелістен шыққан деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: ru.freepik.com

Көрнекі фото: ru.freepik.com

Мамандардың айтуынша, бес жыл бойы намазға жығылған ару, күйеуінің қысымымен одан бас тартуға мәжбүр болған. Аталған шешім келіншекке ауыр тигені соншалық, ол психологтардың көмегімен күйзелістен әрең дегенде шыққан.

"Дін мәселесі жастар арасында өзекті. Әсіресе әйелдерге дінге кіру немесе одан шығу өте қиынға соғады. Адамның психологиялық ой-өрісі өзгеріп, дүниеге деген танымы басқаша болып шыға келеді. Бізде осыдан бірер жыл бұрын осындай оқиға болды.

Бес жыл бойы намазға жығылған жас қыз тұрмыс құрғаннан кейін, намаз оқуды тастауға мәжбүр болған.

Жолдасы мен ата-анасы келіншекке намазға жығылуға тыйым салып, жүйкесін тоздырған. Әрине әркімнің таңдауы, қалауы болады. Бірақ діндегі адамдарға еркінен тыс ондай қадамға бару – өте қиынға соғады.

Намазын тастамаған келіншектен ақыры күйеуі бас тартқан көрінеді. Ол аздай ата-анасы оны басқа келіншекпен таныстырып, үйлендіріп жіберген.

Міне осының бәрі бойжеткеннің жүйкесіне әсер етіп, жындыханадан бір-ақ шыға жаздаған. Түнде ұйқысы бұзылып, әр нәрседен қорқуды шығарған. Абырой болғанда келіншектің ата-анасы қыздарының осындай күйге түскенін дереу байқап, дәрігердің көмегіне жүгінген.
Ол жақта курсы аяқталған соң бізге келіп жүрді. Қазір көп уақыт болды хабар алмағанымызға, бірақ бізден кеткенде тәп-тәуір оңалып қалған еді. Ендігі өмірі өз қолында", - деді маман.

Психолог маман, сонымен бірге, отбасындағы кикілжіңдерден кейін көп жағдайда әйел адамдардың жүйкесі сыр беретінін тілге тиек етті.

"Әйелдерге қашан да ер адамның, жақындарының қолдауы, қолпаштауы керек. Жаңағы жағдайда жас әйелге намаздан күштеп бас тартқызуы, күйеуімен ажырасып кетуі үлкен соққы болған. Әйелдің қырық жаны бар дейді, бірақ сонда да оларды әлпештеген жөн.

Себебі жүйке жүйесі қазір сыр бермегенімен, кейін бұзылуы әбден мүмкін. Ал ол ағзаның басқа да мүшелеріне кері әсерін тигізеді", - деді маман.

Сіздің реакцияңыз
3
1
4
2
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel