RU
Әлеуметтік желі қолданушылары Нұрбек Қарабалаевті қолдап үндеу жариялады
Жаңалықтар Қоғам

Әлеуметтік желі қолданушылары Нұрбек Қарабалаевті қолдап үндеу жариялады

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желі қолданушылары "Нурбекмыстобой" хэштегімен күні кеше жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілініп қамауға алынған дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбек Қарабалаевке қолдау көрсетіп жатыр. Бұл туралы lada.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Жазба авторлары Маңғыстау облысы тұрғындарына және бүкіл Қазақстан халқына үндеу жолдаған.

«Ол бүкіл өмірін кәсіби спортқа арнаған адам. Біздің спортшылардың көптеген жеңісі, NFC клубының құрылуы және тағы басқаның бәрі соған дәлел. Нұрбектің арқасында су асты спорт федерациясы құрылды. Қиын сәтте облысымыздың спортына жүгінетінбіз, енді оның басына да күн туды.Ендеше осынау қиын-қыстау сәтте Нұрбекке қолдау көрсетейікші! Біз төреші емеспіз, қазір болып жатқан жағдайдың түпкі мақсаты не екенін білмейміз. Оның атына кір келтіруге ешкімнің құқы жоқ. Біздің жүйе мінсіз емес, бірақ онда да ережеден ауытқулар болады. Әріптесіміз жайлы жақсы пікір қалдырайықшы», -деп жазыпты желі қолданушылары.

Еске сала кетейік, Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбек Қарабалаев қамауға алынды. Ол жемқорлық ісі бойынша айыпталып отыр.

Сіздің реакцияңыз
0
0
3
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel