RU
Жыныстық қатынас кезінде өзгені қиялдау күнә ма?

Жыныстық қатынас кезінде өзгені қиялдау күнә ма?

Рассказать Вконтакте

Адам қиялы шексіз, оған тосқауыл болуы мүмкін емес. Ал жыныстық қатынас кезінде өзгені қиялдау күнә ма деген сұраққа Muslim.kz сайтының діни сарапшысы Айбек Әбдіқадыр жауап береді.

svadbagolik.ru

Көрнекі фото: svadbagolik.ru

Жалпы ғалымдар, оның ішінде Ханафи мәзһабының ғұламалары қиялдаудың бұл түрін күнә деп таныған.

"Бұл нәрсе халал емесі. Себебі қатынас кезінде жұбайын бөтен адам деп қиялдау – әйелінің халал тәні арқылы күнәлі істі қиялдау болып табылады", - деді Ханафи мәзһабының ірі өкілі Ибн Абидин (р.а).

Ғалым Ибн Хаж әл-Мәлики (р.а) мұны зинаның бір түріне жатқызған. Ғалымдарымыз мұны қолына ыдыс алып, су ішкен адамға теңеген. Әлгі адам қолына алған ыдыстағы суды шарап деп қиялдап ішсе, ондағы су ол үшін харамға айналады. Бұл да сол сияқты.

Сіздің реакцияңыз
2
0
5
0
2
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel