RU
10 мың науқасқа ота жасаған маңғыстаулық хирург жайлы не білеміз?

10 мың науқасқа ота жасаған маңғыстаулық хирург жайлы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

Маңғыстау өңірінде 10 мыңға жуық адамға ота жасаған Талғат Мұқантаев есімді хирург тұрады. Білікті дәрігер "100 жаңа есім" қатарына енген деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: Хабар24

Фото: Хабар24

Медицина саласында жүргеніне - 29 жыл болған Талғат Мұқантаев өз есімінің еліміздегі 100 үздіктің қатарына енгенін естігенде, таңғалысын жасыра алмапты.

Себебі, 10 мыңға жуық адамның өміріне араша түссе де, ақ халатты өзін өзгелерден артық санамайды. Бірақ, танымал хирургтың лайықты еңбегін өңір халқы жақсы біледі.

Бүгінде Талғат Мұқантаев ота жасаудың соңғы үлгідегі бейнеэндоскопиялық әдісін де меңгеріп, сәтті атқарып жүр.

"Эндовидеохирургия 10 жыл бұрын 1-3 пайыз ғана болатын. Жасалмайды десе де болады. Бүгінгі таңда оның үлесі 80-90 пайызға жетті. Яғни, отаны адам денесін кеспей, тек 3-4 жерін ғана тесіп, жасай аламыз. Бұл - үлкен жетістік", - дейді Талғат Мұқантаев.

Ізденімпаз дәрігер есімі енді елдегі 18 үздік медицина қызметкерінің қатарында. Ол өзі сияқты өзге сала өкілдерімен бірге Елбасымен кездесіп, жаһандық үрдістерге бейімделудің әлемдік тәжірибелері төңірегінде пікір алмасқан.

Талғат Мұқантаевтің арманы - Қазақстандағы медицина орталықтары сапалы қызмет атқарып, дәрігерлері әлемдік стандартқа сай ем көрсетсе дейді.

Ал әке жолын жалғаған Талғат Мұқантаевтың ізін ұлы Еламан басқалы отыр. Ол қазір медицина университетінде оқиды.

Сіздің реакцияңыз
2
1
1
0
0
21
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel