RU
Жантүршігер жол апатынан аман қалған актриса ауруханадан шықты (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Жантүршігер жол апатынан аман қалған актриса ауруханадан шықты (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматыда Абай мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында орын алған ірі жол апатынан аман қалған белгілі актриса Айзада Сатыбалдиева ауруханадан шықты. Бұл туралы желі қолданушысы Үкілай Бестай өзінің Facebook парақшасында хабарлаған деп жазады NUR.KZ.

Фото: Гульсина Миргалиеваның facebook парақшасынан алынды

Фото: Гульсина Миргалиеваның facebook парақшасынан алынды

Актриса 1-ші ақпан күні ауруханадан шығып, жақындарымен қауышқан.

"Аллаға шүкір, "көп тілегі - көл" деген осы, бүгін Айзада Сатыбалдиева ауруxанадан шықты. Айзада күн сияқты, жайма шуақ, жылы шырайлы, жанға жайлы жан ғой. Алла күш-қуат беріп, тезірек саxнадан көруді жазсын", - дейді Үкілай Бестай.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы Қазақпарат агенттігіне актрисаның денсаулығы жақсарып келетінін, жағдайы қанағаттанарлық екенін сондықтан ол амбулаторлық емделуге жіберілгенін хабарлаған.

Еске сала кетейік, жантүршігерлік жол апаты 29 желтоқсан күні таңғы уақытта, Абай мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында болды.

Жол-көлік оқиғасы үш адамның өмірін жалмады. Олардың арасында отандық танымал актриса Шолпан Елгезек қаза тапты.

Ал сол көлікте болған тағы бір актриса Айзада Сатыбалдиева жансақтау бөліміне түскен еді.

Ал күні кеше Алматы қаласының полиция департаменті жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарының аяқталып, сотқа жіберілгенін хабарлады.

Сіздің реакцияңыз
1
2
2
4
2
20
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel