RU
"Еуропадан кем емес": Астанада кілең ауқаттылар тұратын аудан жайлы не білеміз? (фото)
Жаңалықтар Қоғам

"Еуропадан кем емес": Астанада кілең ауқаттылар тұратын аудан жайлы не білеміз? (фото)

Рассказать Вконтакте

Астанада кілең бай-бағландар шоғырланған айрықша аудан бар. "Қалалық романс" деп аталатын бөлігіне бас сұқсаңыз, құдды бір Еуропада жүргендей әсер аласыз. NUR.KZ тілшісі бай-бағландар ауданына барып, ауқаттылардың тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Кілең ауқаттылар тұратын бұл ауданда бірнеше "квартал" бой көтерген. Олар көпшілікке "Италия", "Француз", "Ағылшын" орамы деген атпен танымал.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Сырт-келбеті еуропалық үлгіде бой көтерген ауданға кірер тұста айрықша. Бұл ауданға мынадай айрықша қақпа, биік баспалдақпен бара аласыз.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Ауданның бергі бетін "Италия" орамы алып жатса, арғы беті "Ағылшын" орамы деп аталады. Әр тұрғын-үй кешені өз атына сай, сол елдің стилінде бой көтерген.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Ауқаттылар ауданында қымбат мейрамханалар да жетерлік. Олардың да сырт пішіні еуропа үлгісінде салынған.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Бір қызығы әр ауданда мынадай кілттенетін темір қақпа-есіктерді байқауға болады. Тұрғындардың айтуынша, бұл үй аулаларына бейтаныс адамдардың кіруіне тосқауыл болады екен.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Сол сияқты ауқаттылар ауданында балаларға арналған ойын алаңдары да бар.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Ал үйге кіретін есіктер болса, мынадай әдемі ою-өрнектермен безендірілген.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Бай-бағландар орын тепкен қала аумағында қоқыс тастайтын жәшіктерге дейін айрықша екен. Шаһардың өзге тұрғындары тұратын аудандарға қарағанда, бұл орамдағы қоқыс жәшіктер әлдеқайда қымбат екенін аңғаруға болады.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Бұдан бөлек бұл ауданда жаңадан "Австрия" орамы бой көтеріп келе жатыр.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Байлардың ауданы дейді, себебі қарапайым қала тұрғындарының қалтасы мынадай үйлерді көтере бермейді. Көрсеңіз Еуропадан кем емес. Бірақ бір қызығы көп адам тұрып жатқанын байқамаппын. Соған қарағанда осындағы пәтерлердің бәрі бос тұр ма деген ойда қаласың", - дейді қала тұрғындарының бірі.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз
96
3
15
6
132
72
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel