RU
Атырауда ауруханада бір тәулікте екі сәби қайтыс болған

Атырауда ауруханада бір тәулікте екі сәби қайтыс болған

Рассказать Вконтакте

Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 29 қаңтар күні екі сәби көз жұмды. Сәбидің бірі екі айлық болса, екіншісі екі жаста болған. Екі жасар Аяулымның анасы қызының өліміне дәрігерлерді айыптап отырса, ақ халаттылар өз міндеттерін кәсіби атқарғандарын айтады деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы.

Атырауда қайтыс болған екі сәбидің ата-анасы шындықты анықтай алмай шарқ ұруда

Фото: Видеодан кадр

Анжела Ахметқалидің сөзінше, қызына түрлі диагноз қойылыпты. Бастапқыда цитомегаловирусты инфекция десе, кейін қызы БЦП-ға шалдыққанын, ал сосын пневмония анықталғанын хабарлаған.

Ал 29 қаңтар күні екі жасар бүлдіршін қайтыс болған.

"Қараған сайын түрлі диагноз қойды, ішінде анемия мен қызылша деген де диагноз болды. Ал бүгін нақты қайтыс болу себебін атаудан қашып отыр. Бас дәрігердің орынбасары сұрақтарымызға жауап беруден бас тартып отыр", - деп шырылдады 20 жастағы ана.

Облыстық патологоанатомиялық бюро директоры Исатай Молдағалиев баланың неден қайтыс болғаны анықталып жақанын жеткізді.

"Медициналық картасын сұратамыз, оның немен ауырғанын, неліктен осы диагнозды қойғанын зерттейміз. Дәрігерлерді шақырып, сұрақтарымызды қоямыз. Нақты себебін 15 күннен кейін ғана атай аламыз. Дәрігерлер қойған диагноз үшін жауап бермейміз. Біздің жұмысымыз – қайтыс болу себебін анықтау", - деді Исатай Молдағалиев.

Бала өліміне қатысты піікір білдірген Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, дәрігерлер қолдан келген барлық көмекті көрсеткен.

"29 қаңтарда екі баланың қайтыс болғанын растаймыз. Екі айлық С.Н. полиорганды жетіспеушілік синдромынан, сепсис және септикопиемиядан көз жұмды. Ол ауруханаға іріңді менингоэнцефалиттің ауыр түрімен түсті. Ауруханада алты күн жатқан. Сол күні екі жасар М.А. қайтыс болды. Дәрігерлер барлық қажетті көмекті көрсеткен, бірақ құтқара алмаған. Сараптама М.А.-ның сепсис пен инфекциядан көз жұмғанын растады. Бұл жағдайлар бізідң басқарманың бақылауына алынған", - деп хабарлады Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel