RU

Делиде жалған әуе билетін жасаған қазақстандық азамат ұсталды

Дели әуежайында жалған әуе билетін жасаған Қазақстан азаматы ұсталды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: Life.ru
Көрнекі фото: Life.ru: UGC

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров бұл мәселенің Үндістандағы консулдық бөлім бақылауында екенін айтты.

"Полиция ақпаратына сәйкес, тәртіп бұзушыға 10 мың рупий көлемінде айыппұл салынған. Әуежай қызметкерлерінің айтуынша, оны тұтқындамаған, тек ұстап алған.
Хаттама толтырылған соң ол бостандыққа жіберіледі. Оның жеке куәлігін алып қойған. Құжат айыппұл төленген соң бірден әкімшілік сотта қайтарылады",- деді ол.

Смадияровтың сөзінше, қазақстандық қазір Дели қаласында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1776727-delide-zalgan-ue-biletin-zasagan-kazakstandyk-azamat-staldy.html