RU
Бес баланың өмірін қиған өрт: Вице-министр Ильин жауап берді

Бес баланың өмірін қиған өрт: Вице-министр Ильин жауап берді

Рассказать Вконтакте

Қазақстан Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин бес қыздың өмірін бір уақытта қиып кеткен тілсіз жаудың алдын ала себебін жариялады деп xабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Оның айтуынша, өрт шыққан құрылыс нысаны уақытша тұруға арналған. Ол жерде тура сондай бірнеше нысан болыпты. Ал иесі - қайтыс болған балалардың анасының үлкен әпкесі.

"Алдын ала қорытындыға сәйкес, балалар иіс тиіп, қайтыс болған. Бұл дегеніміз, үйдің төбесі опырылып құлағанда барлығы ес-түссіз жатқан", - деді Ю.Ильин журналистерге берген сұxбатында.

Вице-министрдің сөзінше, қайғылы жағдайға тап болған отбасының туыстары жарты сағат бұрын балаларды көріп кеткен. Пеш те дұрыс істеп тұрыпты. Ал түнгі сағат 2:34-те көршілер өрт сөндіру қызметіне xабар берген екен.

"Өрт неден шықты? Далаға шығатын мұржаның асбест қаптасы болмаған. Содан ағаш шатыр өрттенді. Қазір арнайы зертxана жұмыс істеп жатыр. Соның қорытындысы бойынша нақты себептер белгілі болады", - деп атап көрсетті Ильин.

Айта кетейік, 4 ақпан күні түнде елорданың Сарыарқа ауданындағы Көктал-1 тұрғын алабында өрт шықты.

Өртті сөндіру барысында 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылы дүниеге келген бес баланың денесі табылды. Ең кішісі небәрі үш айлық сәби болған.

Бұл қайғылы оқиғадан соң қала әкімі шұғыл кеңес өткізген. Ал бұл жағдай орын алмас бұрын Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері үйдің қауіпті екенін ескертіпті. Артынша Астанада көз жұмған 15 жастағы қыздың хаты жұрттың жүрегін ауыртқан.

Сіздің реакцияңыз
6
1
2
20
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel