RU
Ресейде тікелей эфирде асылып өлген жігіттің мәйіті Шымкентке жеткізіледі
Жаңалықтар Қоғам

Ресейде тікелей эфирде асылып өлген жігіттің мәйіті Шымкентке жеткізіледі

Рассказать Вконтакте

Ресейде тікелей эфир кезінде асылып өлген қазақстандық жігіттің мүрдесі Шымкентке жеткізіледі. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресейде тікелей эфирде асылып өлген жігіттің мәйіті Шымкентке жеткізіледі

Көрнекі фото: sputniknews.kz

"Қайғылы оқиға 30 қаңтар күні орын алды. Жас жігіт тікелей эфирде өз-өзіне қол жұмсаған. Оқиғадан соң мәйітке сараптама жасалып, тексеру жұмыстары жүргізілді.

Ешқандай да зорлық-зомбылық белгілері жоқ екені анықталды. Жақын күндері туыстары оның мәйітін өзінің туағн жері Шымкентке алып келеді.

Консулымыз туған-туыстарымен байланысқа шығып, оларға қол ұшын созуда", - деді Смадияров.

Тергеу амалдарына байланысты оқиғаның мән-жайы әзірше жария етілмейді.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тиісті іс-шараларды жүргізіп жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Ресей аумағында болған қазақстандық азаматтың тікелей эфир кезінде өз-өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
0
3
0
3
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel