Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанадағы бес қыздың өлімі: Марқұмдардың туысы өрттің куәгері болған

Опубликовано:

Астанада 4 ақпанда көз жұмған бес баланы құтқару мүмкін болмаған. Өрт сөндіру қызметі келгенше үйге жеткен куәгерлер осылай деп отыр. Олардың қатарында о дүниеге аттанған бес бүлдіршіннің туысы да бар деп хабарлайды Хабар 24-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр/ Хабар 24
Фото: Видеодан кадр/ Хабар 24: Facebook

Екі қолын дәкемен орап алған Жанат Айтымов бүлдіршіндерді аман алып қалу мүмкін болмағанын айтады.

"Шуды естіген соң, бірден жүгіріп бардым. Терезені қиратып, ішке кірдім. Бірақ, қараңғы болды, амалсыздан сыртқа шықтым. Қараңғы болған соң балаларды да көрмедім. Мен кіргенде температура өте жоғары болды. Қолыммен іздедім, бірақ ештеңе таппадым. Сосын сыртқа шығып кеттім", -деді балалардың туысы.

Ал уақытша тұрғызылған үйде тұрған жанұяның көршісі Рахым Әшімбаев анасының осы уақытқа дейін үнемі үйінде болғанын алға тартты.

"Әкесі де, анасы да жұмыста болған. Әкелері көлік жөндеу орталығында жұмыс істейді, ал анасын білмеймін. Ол жұмысқа жақында ғана шыққан болуы керек, осыған дейін үнемі үйінде болатын", -деді ол.

Айта кетейік, 4 ақпан күні түнде елорданың Сарыарқа ауданындағы Көктал-1 тұрғын алабында өрт шыққан. Өртті сөндіру барысында 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылы дүниеге келген бес баланың денесі табылған. Олардың ең кішісі әлі бір жасқа да толмаған сәби болған.

Бұл қайғылы оқиғадан соң қала әкімі шұғыл кеңес өткізген. Ал бұл жағдай орын алмас бұрын Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері үйдің қауіпті екенін ескертіпті. Артынша Астанада көз жұмған 15 жастағы қыздың хаты жұрттың жүрегін ауыртты.

Күні кеше қайғылы жағдайға қатысты Ішкі істер вице-министрі жауап берді. Анықталғандай, жанұяның тұрмысы төмен болмаған. Ал балалар жер қойнауына 5 ақпан күні тапсырылады.

Аталған оқиғаға қатысты өткен баспасөз конференциясында Астана қалас әкімдігі баспасөз қызметінің басшысы көз жасын тия алмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1776796-astanadagy-bes-kyzdy-limi-markmdardy-tuysy-rtti-kugeri-bolgan/

pixel