RU
"Тапсырыспен өлтірілгеніне 21 дәлел бар": Денистің анасы сотқа шағымданды
Жаңалықтар Қоғам

"Тапсырыспен өлтірілгеніне 21 дәлел бар": Денистің анасы сотқа шағымданды

Рассказать Вконтакте

Атақты мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің анасының қорғаушысы бірінші сатыдағы сот үкіміне шағым берді. Зардап шеккен тараптың пікірінше, шешімге өзгерістер енгізу қажет. Нұрлан Өстеміров шағымда спортшының өліміне қатысты істе басқа да қатысушылардың бар екендігі туралы 20-дан астам дәлел келтірген деп хабарлайды "31 арна".

Фото: Коллаж NUR.KZ

Фото: Коллаж NUR.KZ

Оксана Теннің қорғаушысы бұл көмектесушілер, арандатушылар және спортшыны өлтіруді ұйымдастырушылар болуы мүмкін екенін айтады. Оның сөзінше, сотталғандар Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов және Жанар Толыбаева солардың тапсырысымен әрекет еткен.

Шағымда қорғаушы сотталғандарға жазаны күшейтуді, сондай-ақ Жанар Толыбаеваның ісін Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша оның әрекеттерін саралау үшін прокурорға қайтаруды сұрайды.

Өстеміров бұл өлім тапсырыстық сипатқа ие болғаны айтуды жалғастыруда.

"Олардың қылмысты тапсырыспен істегенін көрсететін 21 дәлел бар. Бар мәселе сонда, тапсырыстық қылмысты ашу өте қиын. Бәлкім, сотталушыларға "барлығын мойындасаңдар, топтық, ұйымдасқан қылмыс болып кетеді. Бұл кімге тиімді?" деп айтқан да шығар", -деді қорғаушы.

Дереккөз: 31 арна

Естеріңізге сала кетейік, Денис Тенді өлтірген күдіктілерге сот 17 қаңтар күні үкім шығарды.

Одан бөлек, Денис Теннің анасы мен жәбірленуші жақтың қорғаушысы сот пен қалың көпшілікті қылмыстың тапсырыспен жасалғанын сендіруге тырысты.

Ол тергеу амалдарына қанағаттанбағандықтан, оларды қайта жандандыруды талап еткен.

Сот үкімі шықпас бұрын екі тарап арасында жарыс сөздер болып өтті. Оған қоса, сотталушылар өздерінің соңғы сөзін айтты.

Нұралы Қиясов өзін кешіруін өтініп, кез келген жазаға көнетінін жеткізді. Ал жүкті Жанар Толыбаева болса соттан әділ шешім қабылдауын сұрап, өзін әлдекімдердің келіп қорқытқанын жайып салды.

Жәбірленуші жақтың адвокаты Нұрлан Өстеміров Толыбаеваға 20 жыл беруді сұраған болатын. Қорғаушы күдікті қызды жантүршігерлік қылмыстың басты ұйымдастырушысы деп санайды.

Денистің көлігінен айнаны шешіп алған Арман Құдайбергенов өзінің соңғы сөзінде танымал спортшыны періштеге теңеп, ұлы тұлғадан айырылып қалғанына өкінетінін айтқан.

Сіздің реакцияңыз
18
5
2
4
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel