RU
Тағы да өрт: Қарағандыда үш бала газдың иісінен уланып қалды
Жаңалықтар Қоғам

Тағы да өрт: Қарағандыда үш бала газдың иісінен уланып қалды

Рассказать Вконтакте

Қарағандыда өрт болып, нәтижесінде кішкентай балалар зардап шекті. Үш жеткіншек газдың иісінен уланып қалған деп хабарлайды ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілініне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: izvmor.ru

Көрнекі фото: izvmor.ru

Қарағанды қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің пәтерлері бірінен өрт кезінде газ бөлініп 2011, 2014 және 2018 жылы туған үш бала уланып қалған.

Олар қазіргі уақытта ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлер қажетті көмекті көрсетуде.

Өрт сөндірушілер үш баладан бөлек өрттен 13 адамды құтқарған. Олардың жетеуі балалар.

Оқиға орнында жеке құрамнан 25 адам мен 8 арнайы техника қызмет етті.

Өрттің неден шыққаны белгісіз. Арнайы мамандар қызыл жалынның шығу себебін анықтап жатыр.

Еске сала кетсек, 4 ақпанда Астанадағы аудандардың бірінде кенеттен шыққан өрттен бес бала қаза тапты. Оқиға болған сәтте олардың ата-аналары үйде болмаған.

Қала әкімі сол түні болған жағдайдың мән-жайын анықтап,тексеру жүргізуді тапсырды.

Ал Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жапа шеккен жанұяға үйдегі өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылғаны ескертілген.

Сіздің реакцияңыз
1
2
1
2
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel