RU
Теміртау тұрғыны мүгедек сіңлісін зорлаған өгей әкесін өлтіріп тастады

Теміртау тұрғыны мүгедек сіңлісін зорлаған өгей әкесін өлтіріп тастады

Рассказать Вконтакте

Теміртау тұрғыны мүгедек сіңлісін зорлаған өгей әкесін өлтіріп тастады. Ол өгей әкесінің мойны мен кеудесін пышақ сұғып алған. Бұл жайында patriotkaragandy парақшасында жарияланды деп жазады NUR.KZ.

Фото:yugtimes.com

Фото:yugtimes.com

Аленаның үйіне қонаққа келген анасы өзінің жағдайын айтады. Әйел күйеуінің мүгедек қызына зорлық көрсетпек болғанын байқаған.

Ал мұны естіген Алена қонаққа келген өгей әкесінің кеуде тұсы мен мойнына пышақ сұғып алады. Ер адам оқиға орнында жан тапсырған.

Сіңлісін қорғамақ болған бойжеткен полиция қызметкерлері келгенше ешқайда кетпеген. Құқық қорғау қызметкерлеріне қарсылық та танытпаған.

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының судьясы Қайрат Қасымов Теміртау тұрғынын кінәлі деп таныды. Ол қылмысы үшін 9 жылға бас бостандығынан айрылды.

Сіздің реакцияңыз
1
1
1
10
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel