RU
Бес қыз өлім құшты: Әбілқасымованың отставкаға кетуін көпшілік талап етті
Жаңалықтар Саясат және экономика

Бес қыз өлім құшты: Әбілқасымованың отставкаға кетуін көпшілік талап етті

Рассказать Вконтакте

Астанада өртке оранған лашықта ажал құшқан бір үйдің бес қызының өлімінен соң көпшілік еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің қызметінен кетуін талап етті. Жұртшылық қайғыға қабырғасы қайыса отырып, осы жағдайдың орын алғанына наразылық білдірді. Желі қолданушылары егер мемлекеттен берілетін жәрдемақы бес баланың тамағына жетсе, әйелдің түнде жұмыс істемей, үйінде отыратынын алға тартты деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мәдина Әбілқасымова Forbes мұқабасында. facebook.com/yerlan.sakenov. Оқиға орнынан Фото: NUR.KZ

Мәдина Әбілқасымова Forbes мұқабасында. facebook.com/yerlan.sakenov. Оқиға орнынан Фото: NUR.KZ

Әлеуметтік желілерде қазақстандық белсенді азаматтар қайғылы оқиға орын алған отбасыға қаражат жинауға кіріскен.

Сондай-ақ, жұрт бұл іске жауапты адамдарды да қатаң сынға алды.

"Балалар тірі кезде көмектесу керек еді. Балаларды тастап, ата-анасы жұмыста тентіремеу үшін! Енді тек жерлеуге көмектесе аласыздар", - деді Досан Сан.

Сонымен қатар, жұрт еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің отставкаға кетуін жаппай талап етуде.

Қазнет қолданушыларының жартысы қазір осы тақырыпты сөз етіп жатыр.

Фото: 31 арнадан кадр

Фото: 31 арнадан кадр

"Мұнайлы елде бес баланың анасы жұмыс істемеуі керек", - деп есептейді Владимир Козлов.

31 арна мәліметінше, Мәдина Әбілқасымова Forbes журналының мұқабасында жүргенде, көпбалалы аналар қалтасындағы мемлекеттен бөлінген тиынды санап отыр.

Астанадағы бес кішкентай қыздың қазасы қазақстандық бүлдіршіндердің кейбірі адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатқанын көрсетті.

Арна журналистерінің сөзінше, ата-аналар балаларын асырау үшін күндіз-түні жұмысқа жегілуге мәжбүр. Бұл жерде мәселе - шетелге барып демалуда емес, күнделікті ішер асын, талғажау тамағын табуда болып тұр.

Себебі, 15 мың теңге жәрдемақы алатын көпбалалы ана үйде отыра алмайды.

Естеріңізге сала кетейік, 4 ақпан күні түнде елорданың Сарыарқа ауданындағы Көктал-1 тұрғын алабында өрт шыққан. Өртті сөндіру барысында 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылы дүниеге келген бес баланың денесі табылған. Олардың ең кішісі әлі бір жасқа да толмаған.

Бұл қайғылы оқиғадан соң қала әкімі шұғыл кеңес өткізген. Ал бұл жағдай орын алмас бұрын Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері үйдің қауіпті екенін ескертіпті. Артынша Астанада көз жұмған 13 жастағы қыздың хаты жұрттың жүрегін ауыртты.

Күні кеше қайғылы жағдайға қатысты Ішкі істер вице-министрі жауап берді.

Ал бүгін 5 қызды жер қойнына тапсырды.

Дереккөз: 31 арна

Сіздің реакцияңыз
2
6
2
41
1
8
20
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel