RU
Назарбаев бес бірдей баласынан айырылған отбасыға көңіл айтты
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев бес бірдей баласынан айырылған отбасыға көңіл айтты

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Астанадағы өрт кезінде қаза болған балалардың ата-анасы мен туысқандарына көңіл айтты деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

"Кеше Астанада ауыр қайғылы оқиға болды. Өрт салдарынан бір отбасы бес бірдей перзентінен айырылып қалды.
Қаза болған балалардың ата-анасы мен туысқандарына көңіл айтамын.
Осыған байланысты мен үкіметке және Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтановқа зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетуді тапсырдым.
Барлық өңірдің әкімдері құзырлы органдармен бірлесіп, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бақылауды күшейтуі керек, сондай-ақ тиісті тексерістер ұйымдастырып, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет.
Мұндай жағдай қайталанбас үшін барлық тиісті шараларды қабылдаған жөн", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 4 ақпан күні түнде Астананың Сарыарқа ауданындағы Көктал-1 тұрғын алабында өрт шығып, салдарынан 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылы дүниеге келген бес бала көз жұмған еді. Олардың ең кішісі әлі бір жасқа да толмаған сәби болған.

Бүгін марқұм қыз балаларды қалың ел ақтық сапарға шығарып салды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel