RU
Астана тұрғындары балаларынан айырылған ата-ананың қайғысына ортақтасты (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Астана тұрғындары балаларынан айырылған ата-ананың қайғысына ортақтасты (видео)

Рассказать Вконтакте

Астанада өрттен қайтыс болған бес баламен қоштасуға жүздеген астаналық келген. Балақайлардың жаназасына жиналған туыстары мен достары, көршілер мен басқа да көңіл айтушылар оларды жер қойнына тапсырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ.

Қайғыдан қан жұтқан ата-анаға қолдау білдіруге келген көпшілік залға лық толған.

Марқұм бүлдіршіндерге құран оқуға Астананың бас имамы Наурызбай Өтпенов келген.

"Евгений мен Жанымгүлге қараудың өзі қиын. Оларға бей-жай қарау мүмкін емес", - деген көпшілік залда көз жасына ерік берген.
"Құдай оларға күш берсін", - дейді көршілер.

Балалардың жаназасынан соң залда Астананың аудан әкімі мен аза тұтып отырған отбасының туыстары сөз сөйлеген.

Ал жаназадан соң залдағы әр адам Жанымгүл мен Евгенийді құшақтап, қосыла жылаған.

Естеріңізге сала кетейік, 4 ақпан күні түнде елорданың Сарыарқа ауданындағы Көктал-1 тұрғын алабында өрт шыққан. Өртті сөндіру барысында 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылы дүниеге келген бес баланың денесі табылған. Олардың ең кішісі әлі бір жасқа да толмаған.

Бұл қайғылы оқиғадан соң қала әкімі шұғыл кеңес өткізген. Ал бұл жағдай орын алмас бұрын Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері үйдің қауіпті екенін ескертіпті. Артынша Астанада көз жұмған 13 жастағы қыздың хаты жұрттың жүрегін ауыртты.

Күні кеше қайғылы жағдайға қатысты Ішкі істер вице-министрі жауап берді.

Ал бүгін 5 қызды жер қойнына тапсырды.

Сондай-ақ жұрт еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің қызметінен кетуін талап етті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қайғылы жағдайға душар болған отбасыға көңіл айтты.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
43
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel