RU
Ақтөбелік белсенділер бес періштенің әруағына құран бағыштап, көкке шар ұшырды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбелік белсенділер бес періштенің әруағына құран бағыштап, көкке шар ұшырды (фото)

Рассказать Вконтакте

Бүгін Ақтөбедегі Астана саябағына бір топ ақтөбелік белсенділер жиналды. Олар бес баласынан айырылған жас отбасыға бір ауыздан көмек беруге үндеп жүр деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Ата-анасында жағдай болса түн ортасында баласын тастап кетер ме еді?! Ана ретінде бәріміздің жүрегіміз ауырады. Қашанға дейін осындай өлімдерге жол бере бермекпіз? Бүгін көңілімізді білдіріп жиналып жатырмыз. Отбасыға бір ауыздан көмек көрсетуге шақырамыз. Біз ұшырған қара шар - қаралы көңіліміз, ақ шар ертеңгі ақ күн", - дейді қоғам белсендісі Бақыт Жаншаева.

Күннің аяздығына қарамай жиналған белсенділер аспанға шар ұшырды. Кейін мешітке барып, періштелердің әруағына құран бағыштады.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Мына жағдай бәрімізге ауыр болып тұр. Бес баланың қайғысы қабырғамызды қайыстырып кетті. Биліктегілер енді көп балалы ана алатын 16 мың теңге жәрдемақы туралы ойланатын болар", - дейді Ләззат Жұмағалиева.

Еске сала кетсек, 4 ақпан күні түнде Астананың Сарыарқа ауданындағы Көктал-1 тұрғын алабында өрт шығып, салдарынан 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылы дүниеге келген бес бала көз жұмған еді. Олардың ең кішісі әлі бір жасқа да толмаған сәби болған.

Бүгін марқұм қыз балаларды қалың ел ақтық сапарға шығарып салды.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel