Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеке ұшағымен апат болған танымал футболшыны иті әлі күтіп жүр (фото)

Опубликовано:

Жеке ұшағымен апатқа ұшыраған "Кардифф" клубының футболшысы Эмилиано Саланың денесі іздестірілуде. Спортшының әпкесі әлеуметтік желіге Саланың итінің суретін жүктеді. Фотодан иттің "жақын досын" күтіп отырғанын байқауға болады. Бұл туралы Eurosport.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

фото: eurosport.ru
фото: eurosport.ru: Facebook

Соңғы суретті Facebook желісінде футболшының әпкесі жариялаған.

Кадрдан иттің футболшыны тағатсыздана күтіп отырғанын байқауға болады.

Айта кетейік, 21 қаңтар күні Сала "Нант" клубындағы бұрынғы серіктестерімен қоштасып, жеке ұшағымен Уэльске жол тартқан.

Алайда, қонуға бір сағат қалғанда спортшының әуе лайнері радардан жоғалып кеткен. Оны іздеуге бірнеше құтқару корабльдері мен екі тікұшақ жіберілді.

Кейінірек ұшақтың апат болғаны хабарланып, футболшының заттары теңіз бетінен табылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1776951-zeke-sagymen-apat-bolgan-tanymal-futbolsyny-iti-li-ktip-zr-foto/

pixel