RU
Маңғыстау жұрты танымал айтыскер ақынмен кездесу өткізді
Жаңалықтар Пресс-релизы

Маңғыстау жұрты танымал айтыскер ақынмен кездесу өткізді

Рассказать Вконтакте

"Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында көпшілік маңғыстаулық айтыскер ақын Нұрлан Мұсаевпен кездесті деп жазады NUR.KZ.

Фото: Нұрлан Мұсаев

Фото: Нұрлан Мұсаев

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен өткен шараға мемлекеттік қызметшілер қатысқан.

"Өздеріңіз жақсы білесіздер, біз бұған дейін Арман Бердалин, Дәулеткерей Кәпұлы сияқты танымал ақындармен кездесулер өткізген болатынбыз. Ал биылғы жылдағы кездесуді жергілікті Нұрландай азаматтан бастағанды жөн санадық.
Жалпы ұлттық рухты нығайтып, мемлекеттік қызметшілердің шығармашылығын дамыту қашанда маңызды. Ақын - ақиқаттың жаршысы. Ал ақынның шығармашылығымен танысу, белгілі бір тақырыпқа орай көзқарасын білу, кім-кімге де қызықты болары сөзсіз", - деді агенттіктің аумақтық департаментінің басшысы Нұргүл Жанназарова.
Фото: Нұрлан Мұсаев

Фото: Нұрлан Мұсаев

Ал көпшілікпен кездесуге келген ақын өзінің өнер жолын мектеп қабырғасынан бастағанын айтып берді.

"Мектеп қабырғасында тәрбие сағаттарына қатысып өлең шығаратыным бар еді. Әкем құр адам емес, нағашыларымның да өткір-өткір әзілдері бар. Жылда Қашаған Күржіманұлы атындағы оқушылар айтысы болатын, әннен сабақ беретін ұстазымның сол байқауға барасың деген сөзін тастамай алғашында 11-сыныпта жүріп аудандық байқауда жүлдеге ие болдым. Содан - соң облыстық деңгейде өнер көрсетіп, республикалық байқауларға жолдама алдым", - дейді айтыскер ақын.

Сонымен қатар Нұрлан Мұсаев кездесуге келген көпшілікпен өзінің бастан кешкендерін бөлісіп, домбыра шертті.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel