RU
Назарбаев Сәтбаев университетінің ректорымен және Әшімбаевпен кездесті
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев Сәтбаев университетінің ректорымен және Әшімбаевпен кездесті

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты қабылдады деп хабарлайды Ақорда.

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Кездесуде мемлекет басшысына партияның биылғы ақпан айының соңында өтетін XVIII съезіне дайындық барысы туралы баяндалды.

Сонымен қатар, Қазақстан Президентіне партияның 2018 жылы атқарған жұмысының қорытындылары туралы есеп берілді.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев партияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.

Сондай-ақ, Елбасы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ректоры Ескендір Бейсембетовті де қабылдаған.

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Кездесу барысында Қазақстан президентіне университеттің даму перспективалары мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері жөнінде мәлімет берілді.

Нұрсұлтан Назарбаев оқу орнының отандық білім беру жүйесінде ерекше орын алатынын атап өтіп, индустрияландыру бағдарламасының талаптарына сәйкес жоғары білікті мамандар даярлаудың маңыздылығын айтты.

"Қаныш Сәтбаев атындағы Ұлттық техникалық университет – инженер маман даярлайтын ең ірі оқу орындарының бірі. Біз оны дамыту үшін қажетті жағдайдың бәрін жасап келеміз. Университетке дербестік берілген. Сонымен қатар, бұл оқу ордасы зерттеу университетіне айналды", – деді Қазақстан президенті.

Е.Бейсембетов қолданбалы жобаларды жүзеге асыру үшін қабылданып жатқан шараларды, сондай-ақ әлемдік үрдістерді ескере отырып, білім беру сапасын арттыру үшін атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel