RU
Үскірік аяз: Бақыт Сұлтанов жұмыс уақытын қысқартуды ұсынды
Жаңалықтар Қоғам

Үскірік аяз: Бақыт Сұлтанов жұмыс уақытын қысқартуды ұсынды

Рассказать Вконтакте

«Қазгидромет» 5 ақпанда Астана аумағында қар, бұрқасын болып, батыстан, солтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні секундына 15-20 метрге жететінін хабарлады. Сондай-ақ, 6-7 ақпан күндері түнде ауа температурасы -37-39 градусқа дейін күшейетін болады. Осы орайда, Бақыт Сұлтанов қала тұрғындары мен қонақтарына өтініш айтты деп хабарлайды елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

аооаоао

Көрнекі фото: pixabay.com

Әкім барлық ұйымдардың басшыларын және жеке кәсіпкерлерді аязда қалған жандарға көмек көрсетуге және жұмыс, оқу, тұрғын-үй жайларындағы жылуды қамтамасыз етуге назар аударып, сондай-ақ, далада тұрған адамдарға жылынуға рұқсат беруге, мүмкіндік болса, олардың бойын жылытуы үшін ыстық шай беруге шақырды.

Бақыт Сұлтанов қатты аяз күндері қала тұрғындары барынша мұқият болып, бір-біріне қамқорлық көрсетуге тырысу керектігін айтты. Сондай-ақ, ол жаяу жүргіншілерді мүмкіндігінше жеткізіп салуды өтінді.

Қала басшысы мемлекеттік органдар, білім беру мекемелері, кәсіпкерлік нысандар (базарлар, СОСО) және құрылыс алаңдарында жұмыс уақытын қысқартуды ұсынды.

Ал елорда тіршілігін қамтамасыз ететін өрт сөндіру қызметі, полиция қызметі, төтенше жағдайлар департаменті, жедел медициналық көмек, медициналық мекемелер, коммуналдық қызмет қызметкерлері әдеттегі кестеге сәйкес жұмыс істейді.  

Аудан әкімдері ПИК-термен бірлесе отырып тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрғын үйлердің қасбеттерін және үй-жайлар шатырының, қоршаулардың ұшуынан болатын жазатайым оқиғалардың алдын алу мәселелерін пысықтауы керек.

Одан бөлек, әкім қалалық коммуналдық қызметтерге қоғамдық көлік жолаушыларына арнап аялдамаларда және адам көп жиналатын орындарда жылыну орындарын ұйымдастыруды, ТЖД-не жұмысты күшейтуді тапсырды.  

Сонымен қатар, жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаладан Тельман кенті, Қосшы және Пригородныйға қатынайтын негізгі бағыттар бойынша ТЖД арнайы техника кезекшілікте жүретін болады. Құтқарушылар «Азия парк» СҮ, «Саянұр-2» ТК,  Бейсекова көшесінен қатынайтын болады.  

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
1
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel