Выйти
RU

Таразда көпірден құлаған 11 жасар жеткіншек өлім құша жаздады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Таразда 5 қаңтар күні күндізгі уақытта Жамбыл даңғылы бойындағы биік аспалы көпірден құлаған 11 жасар бала ажал құша жаздады. Жерде ес-түссіз жатқан баланы куәгерлер тауып алып, шұғыл жедел жәрдем шақырған деп хабарлайды КТК арнасы.

Дәрігерлер жеткіншектің жағдайына қатысты ақпарат беруден бас тартып отыр. Өйткені, оқушы баланың ата-анасы мәлімет таратуға қарсылық білдірген.

Ал сенімді дереккөздерге сүйенсек, жасөспірім ауханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген көрінеді. Оның дене мүшесі бірнеше жерінен сынған.

Ақ халаттылар 11 жасар науқас травматикалық шоктан шыққан соң, ота жасауды жоспарлап отыр екен.

6-шы сынып оқушысы биіктен өзі секіріп кетті ме, әлде біреу итеріп, құлады ма, әзірге белгісіз. Оның жауабын анықтаумен қазір құзырлы орын айналысуда.

Дереккөз: КТК арнасы

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Таразда көпірден құлаған 11 жасар жеткіншек өлім құша жаздады