RU
Бес қыздың өлімі: Олар жалға алған үйдің иесі 7 жылға дейін сотталуы мүмкін
Жаңалықтар Қоғам

Бес қыздың өлімі: Олар жалға алған үйдің иесі 7 жылға дейін сотталуы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Заңгер Жандос Тұяқов Астанада өрттен қаза болған бес баланың өлімі үшін үй қожайыны 2 жылдан 7 жылға дейін сотталуы мүмкін екенін айтты деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Фото:Артур Мағзомовтың Facebook парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ

Фото:Артур Мағзомовтың Facebook парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ

"Өрт талаптарына сәйкес келмеген" деп комиссия анықтаған жағдайда, онда нақты осы оқиға бойынша бұл азаматтар времянканың иелері Қылмыстық кодексте көрсетілген 292-ші баппен, яғни, 2-ші бөліміне қатысты қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Онда 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан шектеу немесе бас бостандығынан сол уақытқа айыру жазасы қарастырылған", - дейді заңгер.

Н. Біләл

Естеріңізге сала кетейік, 4 ақпан күні түнде елорданың Сарыарқа ауданындағы Көктал-1 тұрғын алабында өрт шыққан болатын. Қызыл жалынды сөндіру барысында 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылы дүниеге келген бес баланың денесі табылған. Олардың ең кішісі әлі бір жасқа да толмағаны анықталды.

Бұл қайғылы оқиғадан соң қала әкімі шұғыл кеңес өткізген. Ал бұл жағдай орын алмас бұрын Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері үйдің қауіпті екенін ескертіпті. Артынша Астанада көз жұмған 13 жастағы қыздың хаты жұрттың жүрегін ауыртты.

Қайғылы жағдайға қатысты Ішкі істер вице-министрі жауап берді.

Ал 5-ші қаңтарда өртке оранған үйде ажал құшқан апалы-сіңлілі қызды жер қойнына тапсырды.

Сондай-ақ, жұрт еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің қызметінен кетуін талап етті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қайғылы жағдайға душар болған отбасыға көңіл айтты.

Сіздің реакцияңыз
8
6
1
9
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel