RU
Ахмедбек Ахметжанов мерзімінен бұрын бостандыққа шыға алмады
Жаңалықтар Саясат және экономика

Ахмедбек Ахметжанов мерзімінен бұрын бостандыққа шыға алмады

Рассказать Вконтакте

Қостанай қаласының экс-әкімі Ахмедбек Ахметжановтың мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шығу туралы талап-арызы тағы қанағаттандырылмады. Ашуға булыққан Ахметжанов судьяның түсіндірмесін тыңдамастан залдан шығып кеткен деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Ахмедбек Ахметжанов. Фото:arnapress.kz

Ахмедбек Ахметжанов. Фото:arnapress.kz

"Отыр" десеңіздер тыныш отырамын. Қозғалмаймын. Сіздер неге бұлай жасайсыздар? Жарайды, өздеріңіз біліңіздер", - деді Қостанайдың бұрынғы әкімі.

Ал Қостанай қалалық №2 сотының судьясы Арман Қабеновтің айтуынша, бұрынғы шенеунік қабылданбаған қаулыға 15 күн ішінде шағым түсіре алады.

"Ахмедбек Масақбайұлы Ахметжановтың мерзімнен бұрын шартты түрде бостандыққа шығу туралы өтініші қараусыз қалдырылды. Бұл қаулыға қатысты 15 күннің ішінде нарзылық білдіріп, облыстық сотқа жеке шағым түсіруіне болады", - дейді судья Арман Қабенов.

Астана арнасының тілшілерінің мәліметінше, судья экс-әкімнің мерзімінен бұрын бостандыққа шығуына негіз жоқ екенін айтқан.

Айта кетейік, Қостанайдың экс-әкімі Ахмедбек Ахметжановтың 2016 жылы жемқорлық бойынша айыпталып, 13 жылға бас бостандығынан айырылған. Сондай-ақ, дүние-мүлкі тәркіленген.

Кейін оның адвокаттары Жоғарғы сотқа шағымданып, жаза мерзімі 4 жыл 10 айға қысқарды. Жазасын өтеуші өткен жылы Шығыс Қазақстан облысындағы түзеу мекемесінен Қостанайға қауіпсіздігі төмен колонияға ауыстырылған болатын.

Ахметжанов мерзімнен бұрын шартты бостандыққа шығу және жазаның орнына айыппұл төлеу туралы өтініш білдірген. Сот оның талап -арызын екінші рет қанағаттандырмай қойды. Ол жазасын қоныс колониясында өтеп жатыр.

Дереккөз: Астана арнасы

Сіздің реакцияңыз
2
2
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel