RU
Беташарда оқтаудың орнына таяқ пайдаланғандар елдің қызу талқысына түсті
Жаңалықтар Қоғам

Беташарда оқтаудың орнына таяқ пайдаланғандар елдің қызу талқысына түсті

Рассказать Вконтакте

Жас келіннің беташарында оқтау немесе қамшының орныны таяқ пайдаланған қазақтар жұрттың қызу талқысына салды. Kazakh.toy парақшасында таралған видеоны желідегілер қатаң сынға алған деп жазады NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Видеодан жаңа түскен келіннің бетіне жабылған орамалға қызыл орамалдың байланғанын көруге болады. Содан-соң әлгі жаулықты таяққа байлаған.

Беташардағы бұл көріністі қалт жібермеген көпшілік өз таңданысын жасыра алмай, жарыса пікір қалдырған.

"Оқтау мен қамшы байлайтын еді", "Таяқ байлап қойғаны несі?",

"Маңғыстау өңірінің беташары ғой", "Қызылорданың беташары сияқты екен", "Қазақтарда жас ағаштың бұтағын байлаған ғой. Жапырағы жайқалып, өркен жайсын" деген мақсатпен", "Мынау сабау ғой. Беташарға арналған таяқты сәндеп, сыртынан матамен орайды" деп желі қолданушылары пікір білдірді.

Айта кетейік, видеоның қайда түсірілгені белгісіз. Желі қолданушыларының бірі мұны Маңғыстау өңірінің салты десе, екіншілері қызыл орамал Қызылордалықтарға тән ырым деуде.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын беташарда неліктен қамшы немесе оқтау пайдаланылатыны жайлы жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
6
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel