Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақордаға ұлттық киіммен келген Жапония елшісі Елбасымен қазақша сөйлесті

Опубликовано:

Бүгін шетелдік елшілер Ақордаға салтанатты жиынға келді. Олар мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамоталарын табыстады деп жазады NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Ұлттық киімдегі Жапония елшісі Тацухико Касаи фотографтардың назарын бірден өзіне аударды. Ол өте маңызды оқиғаларға ғана киетін кең бүктелген шалбар-хакама киген.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Оған қоса, елшінің аяғында үлкен саусағын басқалардан бөлетін, арнайы ақ түсті таби шұлықтары бар жапон аяқ киімі-гэта болды.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Ал Тацухико Касаидің серігі кимоно киген екен.

Жапония елшісі сенім грамотасын табыстамас бұрын Назарбаевқа таза қазақ тілінде сөйледі.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Осылайша, дипломат өз құрметін білдірді.

"Мен үшін жоғары мәртебелі сізге сенім грамоталарын тапсыру үлкен құрмет", - деді ол.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Артынша елші орыс тілін де жетік меңгергенін көрсетті. Ол тілшілерге қазақ тілін оқығысы келетінін, тіпті, қазақ тіліндегі әндерді жаттап жүргенін айтты.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1777096-akordaga-lttyk-kiimmen-kelgen-zaponia-elsisi-elbasymen-kazaksa-sjlesti/

pixel