Выйти
RU

Катар құрамасының жейдесін БАӘ-де киген жігіт 15 жылға сотталады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Англияның Вулверхэмптон қаласының тұрғыны мен лондондық "Арсеналдың" жанкүйері 26 жастағы британдық Біріккен араб әмірлігіне Азия кубогын көруге барған. Оны тәртіп сақшылары Катардың жейдесін кигені үшін қамап тастаған деп хабарлайды Eurosport.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Оқиға 22 қаңтар күні Азия кубогының бірде төрт финалындағы Катар мен Иран арасындағы ойын кезінде орын алған.

Айта кетейік, 2017 жылдың маусым айынан бастап саяси жағдайға байланысты БАӘ аумағында Катардың кез-келген киімін киюге тыйым салынған.

Арабтар Азия кубогы кезінде Катар елінің тұрғындары үшін шекараны да ашпаған.

Катар құрамасының ойыншылары жанкүйерлердің қолдауынсыз футбол ойнады.

The Independent хабарлауынша, британдыққа 119 мың еуро көлемінде айыппұл салуы мүмкін. Сондай-ақ 15 жылға бас бостандығынан айырылады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Катар құрамасының жейдесін БАӘ-де киген жігіт 15 жылға сотталады