RU
Дәрігерлер қызылшаның алдын алудың ең негізгі жолын атады
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Дәрігерлер қызылшаның алдын алудың ең негізгі жолын атады

Рассказать Вконтакте

Петропавл қалалық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне бес күннің ішінде 27 адам қызылшамен түскен деп хабарлайды 31 арна.

Фото: видеодан кадр

Фото: видеодан кадр

Дәрігерлердің сөзінше, көбінесе жас аналардың балалары ауруға шалдығады. Сондай-ақ, қызуы көтеріліп түсіп жатқан ересектер де бар екендігін жеткізді.

"Облыста қызылша күдігі анықталғандардың 36 немесе 86 пайызы түрлі себептерге байланысты ауруға қарсы екпе алмағандар. 25 адамға нақты қызылша диагнозы қойылды", - деді облыстық денсаулықты сақтау департаментінің бас маманы Күлпаш Таласбаева.

Ақхалаттылардың айтуынша, қызылшаның алдын алудың ең негізгі жолы уақытылы екпе егу екен.

Бірақ екпе еккен адамдар да абай болғаны жөн екендігін ескертті.

Дәрігерлер науқастармен қарым-қатынаста болғанда қызылша ауруын екінші рет жұқтыруы мүмкін екендігін айтады.

Олардың сөзінше, инфекция ауа арқылы тарап, сау адамға тез жұғады екен.

"Екпе еккендерде қызылшамен ауырып қалады. Ол балалардың иммуниеті нашар болғандықтан. Бірақ олар ауруды асқынусыз, жеңіл көтереді. Алдын-алу үшін бетперде киіп, бөлмелерді желдетіп отыру қажет. Таза ауаға жиі шығу керек", - деді 3 қалалық аурухананың балалар жұқпалы аурулар бөлімінің жетекшісі Елена Коптяева.

Елімізде жыл басталғалы бері бір айдың ішінде 900-ден астам адам қызылшамен ауырған.

Дерекөз: 31 арна

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel